ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ 2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ДЕВИЗІ «ҰЛЫ ДАЛА ӘСКЕРІ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ!»

Мемлекеттік тіл кафедрасы

Мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Есиркепова Гульмира Ербатыровна. 1972 жылы 11 қаңтарда Қызыл-Орда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетінің Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілімен әдебиеті мамандығын «үздік» дипломымен бітірген ( 1992-1996жж). Алматы қаласындағы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын тамамдаған (1996-2002жж).

Қазақ тілі курсы жалпы білім беру циклінің пәні ретінде Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттарына арналған. Тілді практикалық меңгерудің коммуникативтік мақсаттары мен міндеттері тұжырымдалған, базистік болып саналады. Курсанттар сөйлеу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіре отырып, коммуникацияның ғылыми саласымен байланысты жаңа, ана тіліне қатысты қосымша қарым-қатынас құралын игереді, сайып келгенде терең және сапалы білім алады.

Курстың негізгі мақсаты – болашақ мамандардың коммуникативті құзіреттілігін қалыптастыру, яғни ғылыми саладағы нақты сөйлеу жағдайларында лингвистикалық құралдармен нақты коммуникативті мәселелерді шешу қабілеті, атап айтқанда алынған ақпаратты бағалау, мәтіндерден жаңа ақпарат алу, негізгі оқу, ғылыми және кәсіби жанрлардың мәтіндерін құру, кәсіби тақырыптарда сөйлеу қабілетін қалыптастыру. Осылайша, барлық мамандықтардың курсанттары үшін оқытудың негізгі объектісі ғылыми және кәсіби сөйлеу деп тұжырымдалады.

Пәнді оқытудың міндеттері:

Пәннің оқу нысаны: морфология, лексика, синтаксис, қазақ тілі. Әскери терминдер лексикасы, шығармашылық жұмыстар және іскерлік қағаздар бойынша жұмыстар жүргізу.

Кафедраның жеке құраммен жасақталуы