ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Радиотехникалық әскерлер кафедрасы

Радиотехникалық әскерлер кафедрасы 2002 жылы ҚР ҚК ӘҚК-ның радиотехникалық бөлімшелеріне арналған «Әскери істегі радиотехника және инжиниринг» мамандығы бойынша радиолокациялық қару-жарақты пайдалану және жауынгерлік қолдану бойынша инженерлерді оқыту және даярлау мақсатында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды.

Кафедраның тағайындалуы, мамандануы:

Радиотехникалық әскерлер кафедрасының негізгі міндеті:

  • курсанттарды радиолокациялық қару-жарақтың құрылу негіздеріне, жұмыс істеу қағидаттарына, құрылымына және конструкциялық орындалуына үйрету;
  • курсанттарды радиотехникалық бөлімшелердің радиоэлектрондық техникасындағы жүріп жатқан процестердің құрылымы, жұмыс жағдайлары және сипаттамалары принциптеріне оқыту;
  • курсанттардың радиотехникалық бөлімшелердің радиолокациялық қару-жарағының мақсатын, құрамын, тактикалық-техникалық сипаттамаларын, әрекет ету қағидаттарын, электр схемаларын және конструктивтік орындалуын зерделеуі;
  • курсанттарды жұмысқа дайындау тәртібіне, радиолокациялық қару-жарақты қосуға, күйге келтіруге, реттеуге және жөндеуді жүзеге асыруға үйрету;
  • бітірушілерге радиолокация құралдарын кейіннен игеру, техникалық пайдалану және жөндеу үшін қажетті радиотехникалық бөлімшелердің қару-жарағы мен әскери техникасының перспективалық үлгілерін өз бетінше зерделеу дағдыларын дарыту.

 

Кафедраның негізгі міндеттері:

Радиотехникалық бөлімшелердің радиолокациялық қару-жарағын басқару, пайдалану және жауынгерлік қолдану саласында Қарулы Күштер үшін офицерлік кадрлардың білімі, іскерлігі, дағдылары мен кәсіби қасиеттері бар жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында оқу және әдістемелік жұмысты жоғары теориялық, әдістемелік және ғылыми деңгейде ұйымдастыру және жүргізу.

ӘШҚҚ әскерлерінің әскери теориясын дамытуға, жауынгерлік қабілеті мен жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау. Оқу қызметін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және басып шығару. Институттың оқу бөлімімен және кафедраларымен бірлесіп оқу бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын, мамандарды даярлаудың құрылымдық-логикалық схемаларын және оқу сабақтарының кестелерін әзірлеуге қатысу.