ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ 2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ДЕВИЗІ «ҰЛЫ ДАЛА ӘСКЕРІ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ!»

Байланысты ұйымдастыру кафедрасы

Байланысты ұйымдастыру кафедрасы «Әскери істегі инфокоммуникациялық технологиялар» мамандығы бойынша курсанттарды даярлауға арналған.

Кафедраның негізгі міндеттері:

  • курсанттардың жоғары далалық дағдысын, жалпы әскери құрамалардың тактикалық жағдайдың әртүрлі жағдайларында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу негіздерін қалыптастыру;
  • курсанттармен байланысты ұйымдастыру және бөлімшелер мен құрамалардың байланыс тораптарын жауынгерлік қолдану негіздерін зерделеу;
  • курсанттарды тактикалық басқару буынының басқару пункттерінің байланыс тораптарында жедел-техникалық қызметті өрістету, пайдалану және ұйымдастыру тәртібіне оқыту;
  • бағынысты бөлімдер мен бөлімшелерді командалық басқаруды жедел қамтамасыз ету мақсатында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу жағдайларының өзгеруіне уақтылы және тез командалық және әдістемелік дағдыларды дарыту;
  • динамикалық жауынгерлік жағдайда әскерлерді басқаруды қамтамасыз ету үшін байланысты ұйымдастыру мәселелері бойынша дербес шешімдер қабылдауда түлектерге дағдыларды үйрету.

Кафедрада келесі пәндер оқытылады:

«Құрлық әскерлерінің тактикасы» пәні

«Құрлық әскерлерінің тактикасы» пәні әскери-техникалық және жедел-тактикалық пәндер арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Пән Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерін жауынгерлік қолдану бойынша негізгі ережелер болып табылады.

«Бөлімшелерде байланысты ұйымдастыру» пәні

Пәннің мақсаты – байланыс взводының командирі лауазымындағы тактикалық басқару буынының байланысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау қабілетін қамтамасыз ететін білім мен іскерлікті қалыптастыру.

«Құрамалардағы байланысты ұйымдастыру» пәні

Пәннің мақсаты – бітіруші түлектер жалпыәскери құраманың байланыс бастығы, байланыс бөлімшесінің командирі, байланыс торабы элементінің бастығы лауазымдарында байланысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау қабілетін қамтамасыз ететін және байланыс батальонының командиріне, құраманың байланыс бастығына дейінгі лауазымдық өсу келешегі болатындай терең білім мен іскерлікті қалыптастыру.

«Бөлімшелердің байланыс тораптарын жауынгерлік қолдану» пәні

Пәннің мақсаты – бітіруші түлектің байланыс взвод командирі лауазымдарындағы тактикалық басқару буынының байланыс тораптарын пайдалану кезінде штаттық байланыс құралдарының мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалану бойынша міндеттерді орындау қабілетін қамтамасыз ететін білім мен іскерлікті қалыптастыру.

«Құрамалардың байланыс тораптарын жауынгерлік қолдану» пәні

Пәннің мақсаты – бітірушінің мотоатқыштар бригадасының байланыс бастығына дейін лауазымдық өсу келешегімен байланыс ротасының командирі лауазымында байланыс тораптарын пайдалану кезінде штаттық байланыс құралдарының мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалану бойынша міндеттерді орындау қабілетін қамтамасыз ететін білім мен іскерлікті қалыптастыру.

«Байланыс және АБЖ құралдарын техникалық қамтамасыз ету» пәні

Пәннің мақсаты – түлектің байланыс взвод командирі лауазымында пайдалану бойынша міндеттерді орындау қабілетін қамтамасыз ететін штаттық техниканы пайдалану және байланыс құралдарын техникалық қамтамасыз ету бойынша базалық білім мен бастапқы дағдыларды қалыптастыру.

«Радиоэлектронды қорғау, байланыс пен ақпараттың қауіпсіздігі» пәні

Пәннің мақсаты - курсанттарды байланыс жүйесі мен әскери байланыстың радиоэлектрондық қорғанысын қамтамасыз ету бойынша теориялық және практикалық міндеттерді шешуге дайындау, басқару және байланыс объектілерінде, байланыс желілері мен арналарында байланыс және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету, курсанттарға лауазымдық  міндеттерін орындауға саналы түрде жауапкершілікпен қарауға қалыптастыру.

Байланысты ұйымдастыру кафедрасының оқу-материалдық базасы:

Дәріс залы

Байланыс бөлімшелері мен бөлімдерінің жедел-тактикалық дайындығы кафедрасының пәндері бойынша курсанттардың екі тобымен дәрістер өткізуге арналған. Дәрісхананы курсанттардың оқу материалы бойынша жұмыс істеуі, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау, өзіндік жұмыс үшін пайдалануға болады.

«Құрлық әскерлерінің тактикасы» дәрісханасы

Құрлық әскерлерінің тактикасы пәні бойынша курсанттардың бір тобымен топтық сабақтар өткізуге арналған. Дәрісхананы курсанттардың оқу материалы бойынша жұмыс істеуі, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау, өзіндік жұмыс үшін пайдалануға болады

«Байланыс тораптарын жауынгерлік қолдану» дәрісханасы

Курсанттардың "Құрлық әскерлерінің тактикасы"пәні бойынша топтық сабақ өткізуге, білімдерін бекітуге арналған. Дәрісхананы курсанттардың оқу материалы бойынша жұмыс істеуі, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау, өзіндік жұмыс үшін пайдалануға болады.

Компьютерлік сынып

Байланыс бөлімшелері мен бөлімдерінің жедел-тактикалық дайындығы кафедрасының пәндері бойынша білімдерін бағалау кезінде курсанттарды тестілеуден өткізуге, байланыс кафедралары оқытушыларының оқу материалдарымен, курсанттардың дипломдық және курстық жұмыстарды (міндеттерді) ресімдеу жұмыстарына арналған. Дәрісхананы оқу материалымен жұмыс істеу, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау, өзіндік жұмыс үшін пайдалануға болады.

Практикалық және тактикалық-арнайы сабақтарды өткізу кезінде РЭжБӘИИ оқу орталығының байланыс торабының аппараттық және байланыс станциялары, сондай-ақ әскери байланыс техникасы кафедрасының байланыс құралдары пайдаланылады.