ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Есиркепова Гульмира Ербатырқызы.

Мемлекеттік тіл кафедрасын

Мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Есиркепова Гульмира Ербатырқызы. 1972 жылы 11 қаңтарда Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетінің Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын «үздік» дипломымен бітірген ( 1992-1996жж). Алматы қаласындағы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын тамамдаған (1996-2002жж).

Практикалық қазақ тілін оқыту Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары білімді офицерлерін дайындаудағы жалпы міндеттің  құрамдас бөлігі болып табылады.
Кәсіби қазақ тілі пәні  мамандық тілін, кәсіби сөйлеу тілін меңгертуге арналған.  Әскери және техникалық мәтінді оқып, оның жалпы мазмұнын ауызша және жазбаша түрде баяндай алуы,  әріптестерімен кәсіби тақырыпта  сөйлесе алуы, өзінің кәсіби құзыреті  шеңберінде коммуникативтік құзіреттілігін дамытып, түрлі шағын стиль мен жанр талаптарына сай  мәтіндерді жаза алуына дағдыландырады. «Практикалық қазақ тілі» курсы негізгі қазақ тілінің грамматикалық категорияларын білетін, оқу, жазу, түсіну, айту сияқты коммуникативтік жалпы дағдыларды игерген курсанттарға арналған.

Пәнді оқытудың міндеттері:

«Практикалық қазақ тілі» курсының міндеті -  курсанттардың мамандық тілін меңгертіп, коммуникативтік білік дағдыларын дамыту болып табылады.

Оқыту курсы болашақ офицерлерді мамандықтарына сәйкес әскери лексиканы, техникалық терминдер мен тірек сөздерді игертіп, қатысымдық сөйлеу әрекетін дамытуға бағытталған.

Кафедраның жеке құраммен жасақталуы
Кафедра оқытушылар құрамымен жасақталуы– 90%.
Жоғары білімі бар – 9 адам (90%);
Ғылым кандидаты - 1 адам (10%).
Магистр – 9 адам (90%).
Оқытушылар құрамының орташа жасы – 25-54 жасты құрайды.
Оқытушылардың педагогикалық өтілі 1 жылдан 10 жылға дейін – 2 адам, 10 жылдан астам – 7 адам.

Кафедраның оқу-материалдық базасы оқытудың мақсаты мен мазмұнына жауап береді.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС  ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК  ИНСТИТУТЫ   МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ КАФЕДРАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

РЭжБӘИИ мемлекеттік тіл кафедрасы 2021 жылдың 31 мамырында өткізілетін «Қазақ тілі бейнесабақтарында монологтық-диалогтық сөйлеу формаларын үйрету технологиясы» атты онлайн ғылыми-әдістемелік семинарға қатысуға шақырады.
Онлайн ғылыми-әдістемелік семинарға мемлекеттік тіл кафедрасының аға оқытушысы Д.Ә.Утенова жетекшілік етеді.
Ғылыми-әдістемелік семинарда қарастырылатын мәселе:
- Қазақ тілі бейнесабақтарында монологтық және диалогтық сөйлеу формаларын үйрету технологиясы.
Ғылыми-әдістемелік семинар 2021 жылдың 31 мамыры сағат 19:00-де «Zoom» платформасында басталады. Шараға төмендегі сілтеме бойынша қосылуға болады.

Семинар сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/78956473537?pwd=cnZuSjAyUit4R1BWRmhUWUMzejNkQT09
Семинар идентификаторы:  789 5647 3537
Семинарға қосылу коды: 2021
Байланыс телефоны:   +7 (778) 072 32 68

 

РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС  ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ  МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ КАФЕДРАСЫ

31.05.2021 жылы 19:00-де ZOOM платформасы шеңберінде өткізілетін
«Қазақ тілі бейнесабақтарында монологтық-диалогтық сөйлеу формаларын үйрету технологиясы» атты ғылыми-әдістемелік семинарға шақырамыз. Ғылыми-әдістемелік семинарға мемлекеттік тіл кафедрасының аға оқытушысы Д.Ә.Утенова жетекшілік етеді.

Zoom платформасына сілтеме:
https://us04web.zoom.us/j/78956473537?pwd=cnZuSjAyUit4R1BWRmhUWUMzejNkQT09
Семинар идентификаторы: 789 5647 3537
Кіру коды: 2021
 

Мемлекеттік тіл кафедрасында жоспардан тыс әр ай сайын өткізілген ғылыми- әдістемелік семинарлар:
1. 27.11.20 ж. ZOOM платформасында «Эссе жазудың түрлері мен критерийлері» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Ғылыми- әдістемелік семинардың баяндамашылары кафедра басшысы Г.Есиркепова, кафедра оқытушысы Д. Қайыңбай. Ғылыми-әдістемелік семинар барысында эссенің түрлері мен эссені бағалау критерийлері қамтылды. Семинарда мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары пікір алмасып, эссе тақырыбы кеңінен талқыланды.
2. 25.12.20 ж. ZOOM платформасында «Әскери оқу орындарында қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту әдістемесі» атты ғылыми- әдістемелік семинар өткізілді. Ғылыми-әдістемелік семинардың баяндамашысы мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушысы А. Нургалиева.
3. 26.01.21 ж. ZOOM платформасында «Практикалық қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Ғылыми-әдістемелік семинардың баяндамашысы мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушысы К. Атейбекова.
4. 25.02.21 ж ZOOM платформасында «Мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Ғылыми- әдістемелік семинардың баяндамашысы мемлекеттік тіл кафедрасының  оқытушысы Г. Рысбекова. Ғылыми-әдістемелік семинарда оқытушы Г. Рысбекова мәтіннің түрлері мен оны жүргізудің тиімді жолдары туралы баяндама оқыды. Г. Рысбекова өз баяндамасында мәтінмен жұмыс істеуде қоғаммен қарым-қатынас жүргізуге қажетті тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту жолдарын баяндады. Оқытушы сөйлесім әрекетінің дағдылары курсанттардың өмірде еркін қарым-қатынас жасауына; өзгелермен пікір алмасып, көзқарасын еркін біл білдіре алуына; өз ойын, көзқарасын жүйелі де нақты жеткізуіне; кез-келген ақпаратты тиімді қолданудың; түрлі ақпаратты құр оқымай, сараптай отырып оқуына; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, тың идеялар жасауға жол ашары сөзсіз екенін атап өтті. Оқытушы аталған төрт дағдының ішіндегі ең маңыздысы – оқылым екенін атады. Оқылым дағдысын меңгерген курсант мәтін бойынша өз ойын еркін айта алады, әрі сауатты жаза алады. Бұл дегеніміз - мәтінмен жұмыс жасаудың алғашқы баспалдағы. Ғылыми- семинарда мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары түрлі сұрақтар қойды.
5. 26.03.21 ж ZOOM платформасында «Тест әдісінің түрлері мен маңызы» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың баяндамашысы кафедраның аға оқытушысы Қ. Абдрахманова оқу үдерісінде тест алудың түрлі әдіс-тәсілдерін түсіндірді. Тестілеу жүйесін бақылау түрлерінің бірі ретінде қарастырамыз. Қазіргі заманауи білім берудегі тестілеудің орны мен рөлін анықтаймыз. Қазіргі білім беру жүйесінде тестті бақылаудың бір түрі ретінде бұрыннан қолданып келеді. Бүгінгі таңда тест нұсқалары электронды оқулық түрінде де, арнайы жинақ түрінде де шығарылған. Мұндай жүйелердің қолжетімдігі білімді бақылауда тестті пайдалануды жеңілдетеді. Тест-заманауи білім беру жүйесінде жетекші рөлге ие. Ғылыми-семинарда мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушылары түрлі сұрақтар қойды.