ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

РЭжБӘИИ-ге сарбаз аналары келді

Алматы қаласы мен Алматы облысының "Аналар жүрегі" сарбаз аналар комитетінің өкілдері Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының қызмет жағдайымен танысуға  барды. 

Сол жерде Татьяна Тропина бастаған қоғамдық бірлестіктің өкілдері сарбаздардың өмір сүру жағдайымен танысып, жауынгерлік дайындық сабақтарына арналған үй-жайларды, казармалық бөлмелер мен асхананы аралады. Сарбаздар асханасында ас мәзірмен танысып, пісірілген тағамның сапасын тексерді.

Казарманы аралау кезінде әйелдер сарбаздармен әңгімелесіп, олардың пікірлерін де тыңдады. Биыл алғаш рет әскери жоғары оқу орны ротасының құрамына күзету мен қорғауды ұйымдастырып, қамтамасыз ету үшін 30 азамат шақырылған болатын.

Татьяна Тропина Сарбаз аналары комитеті мерзімді әскери қызметшілерге көмек пен қолдау көрсету үшін құрылғанын атап өтті. Сапар соңында сарбаздарға жасалған жағдай көңілінен шыққанын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, қоғамдық бірлестік өкілдері әскери қызметшілерге көмек көрсету және оларды қолдау үшін әскери бөлімдерге, әскери оқу орындарына және басқа да әскери құралымдарға ұдайы барып тұрады.

Бірлестіктің құрамына ұлдары қызмет еткен әйелдер кіреді, бұл оларға жас жауынгерлердің қажеттіліктері мен мәселелерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

    


Ілгері