ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Әскери институттың жеке құрамы Президент сайлауына қатысуда

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты жанынан ашылған сайлау учаскесінде 400-ден астам курсант дауыс беру үшін тіркелген. Оның ішінде 34 курсант алғаш рет сайлауға қатысып отыр.  

– Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқығымды пайдалана отырып, алғаш рет ел Президентін сайлауға қатыстым. Өз дауысымды бере отырып, елімнің өркендеуі мен болашағының жарқын болуына үлесімді қостым деп ойлаймын, - деп атап өтті 1 курс курсанты Димаш Сұлтаналиев.

Оқытушылар құрамы мен олардың отбасы мүшелері тұрғылықты мекенжайы бойынша сайлауға қатысады.                                                                                              

– Сайлау бекітілген заңнамаға сәйкес өтіп жатыр. Институттың жеке құрамы белсенділік танытып жатыр, - деп атап өтті әскери институт бастығы полковник Кайрат Даутов.

Жалпы еліміз бойынша барлық сайлау учаскелерінде 130 мыңнан астам әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері және курсанттар дауыс бермек. 


Ілгері