ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Әскери байланысшылар күні

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты байланыс әскерлеріне офицерлерді дайындайтын Қазақстандағы жалғыз әскери оқу орны.

Әскери институт 2001 жылы құрылып, 2002 жылдан бастап 5 жылдық оқыту бағдарламасы бойынша байланысшы курсанттарды қабылдауды бастаған. Әскери институттың қабырғасында әскери байланысшылар «Байланыс» кафедрасында дайындалады. Кафедрада заманауи зертханалық база бар. Институт аумағында оқу стационарлық байланыс торабы орналасқан. Мұнда курсанттар практикалық және тактикалық-саптық сабақтарды орындауда мамандық бойынша қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануда және жауынгерлік қолдануда практикалық тәжірибе жинақтайды.

Сондай-ақ, далалық оқу байланыс торабының автомобиль базасында байланыс құралдары бар. Курсанттар кешенді арнайы тактикалық сабақтарында маршты орындауда, байланыс тораптарын өрістету және орау, жауынгерлік бекеттердің жұмысы және жедел-техникалық құжаттамаларды пысықтауда алған теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бекітеді.

Жоғары оқу орнының барлық оқытушылары кәсіби-педагогикалық даярлықтан, инженерлік-техникалық лауазымдарда жеткілікті деңгейде әскери тәжірибесі бар. Бұл арқылы білікті әскери мамандар дайындалады. Институт түлектері бакалавр дәрежесінде жинаған білім қоржынымен, қару-жарақта тұрған барлық байланыс құралдарын пайдалану және жауынгерлік қолдану дағдыларымен әскерге қызмет етуге жіберіледі.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 21 жылдық тарихында 700-ден аса офицер-байланысшы дайындалып, түлеп ұшты. Бүгінгі таңда олардың барлығы Қазақстанның Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жауынгерлік борыштарын өткеруде.

    


Ілгері