ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Запастағы офицерлер оқу-жаттығудан өтті

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты оқу орталығының базасында запастағы офицерлер үздіксіз және тұрақты басқаруды қамтамасыз ету мамандықтары бойынша оқу-тәжірибеге қатысты.

Аталған әскери оқу орнының оқытушылары мен тәжірибелі нұсқаушылары бір ай бойы запастағы офицерлерге заманауи байланыс құралдарында жұмыс істеуді үйретті, бөлімшелерді басқару негіздері бойынша білімдерін жетілдіріп, қару-жарақты қолдану тәжірибесін меңгертті.

– Жиынға шақырылған резервтегілер өздерін жақсы жағынан көрсете алды. Әрқайсысының жауынгерлік рухы биік, оқу-жаттығу тапсырмаларын бұлжытпай орындап шықты, – деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының өкілі полковник Айдын Чунетов.

Жиынға қатысушы запастағы лейтенант Нұрсұлтан Бекбосынұлы Алматы облысынан шақырылған, жеке кәсіпкер. Шақырту қағазын алған соң Отан алдындағы міндетін өтеу үшін жиын пунктіне келіп, оқу-жаттығудан өтті.

– Оқу-жаттығу кәсіби деңгейде өтті. Теориялық және практикалық тұрғыдан білімімді жетілдіре алдым, – деді Нұрсұлтан Бекбосынұлы.

Әскери міндеттілер сынақ, емтихан тапсыру арқылы оқу бағдарламасын бекітті. Оқу жиыны аяқталған соң запастағы офицерлерге кезекті әскери атақтары берілді.

  


Ілгері