ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Курсанттар Әскери ант қабылдады

Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының құрылуының 20 жылдық мерейлі мерекесіне орай 2021 жылдың 4 қыркүйегінде салтанатты түрде бірінші курс курсанттарының жиырмасыншы «Әскери ант» қабылдау рәсімі өткізілді. Биыл әскери институтқа еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 143 курсант 7 мамандық бойынша қабылданды.  Ант қабылдау рәсімі әлемдегі және елімізде болып жатқан індетке байланысты онлайн түрде, барлық эпидемиялық ережелерді қатаң сақтау арқылы өткізілді Отан қорғаушысы міндетін саналы түрде өзі үшін таңдаған бірінші курс курсанттары жоғары оқу орнында алғашқы оқу күнінен бастап әскери қызметке бейімделу кезеңінен нық сеніммен өтіп, сабаққа ынталанып, таңдаған мамандықтарын терең меңгеруге тырысуда. Әскери ант қабылдаған жас буын курсанттарды құттықтаған институт бастығы генерал-майор Мустабеков Асқар «Отанды сүю – міндетің, Отанды қорғау - парызың» дейді қазақ даналығы. Отанды қорғау, халқына адал қызмет ету – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Әскери антқа берік болу – өз міндеттеріңізді адамгершілікпен орындауға, халқыңа, мемлекет басшысына, Ата Заңға адал қызмет етуге міндеттейді. Бұл үшін аталған оқу орнында қажетті оқу-материалдық базасы, тәжірибесі мол командалық-оқытушылар құрамы, жақсы тұрмыстық жағдайлары , курсанттардың жан-жақты дамуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалған, сонымен қатар тәрбиелік, мәдени-демалыс және спорттық-бұқаралық жұмыстары да жүргізіледі», - деп сөзін аяқтады. Институтымыздың 1 курс курсанты Алимов Алмаз өз қуанышын былай деп жеткізді: «Бүгін біз үшін ерекше қуанышты және салтанатты күн! Әскери ант қабылдап, Отан қорғаушы деген мәртебеге ие болдық. «Курсант» деген абыройлы атқа лайық, антыма адал болатыныма сенімдімін». Әскери ант қабылдай отырып жас курсанттар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің толыққанды жауынгері, институт ұжымының мүшесі болады, елінің ұлттық қауіпсіздігін және қарулы қорғанысын қамтамасыз ету жолындағы жоғары жауапкершілікті өз мойындарына алып, халқына, Қазақстан Президентіне конституциялық және әскери борышы мен қызметтік міндеттерін абыроймен адал атқаруға, институтта 5 жыл оқу барысында 21-ші ғасырдағы Қазақстан армиясының офицеріне лайық қасиеттерін жетілдіруге ант берді.  


Ілгері