ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Мектепке жол акциясы

Тамыз айының соңында көпбалалы әскери қызметшілерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі «Мектепке жол» дәстүрлі акциясын жүзеге асырды.

Генерал-майор Мустабеков Асқар басшылық ететін институттың курсанттар батальоны жеке құрамы жылдағы дәстүр бойынша мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасылардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтарды тарту етті. Қайырымды қайырымды әскери қызметшілердің көмегімен биыл мектеп табалдырығын аттайтын балақайларға оқушы сөмкелерімен кеңсе заттары сатып алынды. Отбасы мүшелері көрсетілген көмекке зор ризашылықтарын білдірді. Қайырымдылық шарасын биылда жалғастырған әскери қызметшілерге жылы лебіздерін білдірді.


Ілгері