ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Жаңа оқу жылы басталды

1-ші қыркүйек Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жаңа оқу жылы басталуына орай салтанатты митинг өтті.

Митингтің салтанатты түрде ашылуына Мемлекеттік туды көтеру мәртебесі  оқу үздігі курсант Құрманғали Нұрланға берілді.

Жеке құрамды жаңа оқу жылымен құттықтай келе, генерал-майор Мустабеков Асқар Досбосынұлы бүгінгі күнде Қарулы Күштеріміз жоғары жауынгерлік даярлығымен, резервті сапалы жұмылдыру, ұлттық әскери оқу орындарының желісі және қажетті материалды-техникалық қамтамасыз етуімен ерекшелене отырып, біздің институт алдындағы маңызды мақсатымыз – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің интеллектуалды негізін қалайтын жоғары білікті кәсіби әскери мамандарды даярлау болып саналатынын атап айтты.

Жаңа оқу жылының басталуына орай, әскери білім және ғылым департаменті бастығының құттықтау хатын және институт бастығы     генерал-майор Мустабеков Асқар Досбосынұлына Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев атындағы Ұлттық Қорғаныс университетінің докторантурасын бітіру туралы және философия докторы (PhD) дәрежесі дипломын тапсыру үшін департамент бастығының орынбасары полковник Аккузинов Асет Кайролданович келді.


Ілгері