ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы

«Жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасы 2002 жылы құрылды және келесі мамандықтар бойынша жаратылыстану-ғылыми, математикалық бағыттағы оқу үрдісін қамтамасыз етеді:

  • Әскери істегі радионавигация;
  • Әскери істегі радиотехника және инженер;
  • Әскери істегі радиоэлектроника;
  • Әскери істегі Автоматтандыру және Инфокоммуникациялық технологиялар;
  • Әскери істегі ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.

2 курс курсанттары кафедрада «Механика және молекулалық физика», «Электр және магнетизм», «Тербелмелі және толқындық процестер физикасы», «Кванттық механика, Атом және ядролық физика элементтері», «Аналитикалық геометрия және талдаудың бастаулары», «Математикалық талдау», «Дифференциалдық теңдеулер және интегралдық есептеулер», «Ықтималдық теориясы және математиканың қосымша тараулары», «Информатика», «Ақпараттық технологиялар», «Инженерлік және компьютерлік графика», «Экология негіздері» пәндерін оқиды.

Кафедраның негізгі міндеттері:

Әр екі жыл сайын кафедра ЖОО аралық, ведомствоаралық ғылыми-әдістемелік конференциялар өткізеді. Конференцияның мақсаты әскери мамандарды даярлауда базалық пәндер мен жалпыға міндетті пәндердің рөлін, әскери жоғары оқу орындары курсанттарының осы пәндерді зерделеуге кең және тұрақты қызығушылығын атап өту болып табылады, қазіргі заманғы білім беру мәселелері көтерілді.