ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ 2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ДЕВИЗІ «ҰЛЫ ДАЛА ӘСКЕРІ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ!»

Дене дайындығы және спорт кафедрасы

Дене дайындығы спорт кафедрасының меңгерушісі майор Ахметжанов Мейір Мұратұлы.

Кафедра бастығы 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін дене шынықтыру кафедрасының бастығы – майор Ахметжанов Мейір Мұратұлы 1985 жылы 6 желтоқсанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Құрлық әскерлері Әскери институтының түлегі. 2018 жылдың шілде айында Қазақ спорт және туризм академиясы, «дене шынықтыру» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді. Практикалық атудан спорт шебері, таэквондодан спорт шебері.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Дене дайындығы спорт кафедрасы

Кафедраның негізгі міндеттері мен бағыттары

Кафедраның қызметі дене шынықтыру дайындығының жоғары көрсеткіші мен әскери-қолданбалы дағдылары бар, кәсіби қабілеттерін төмендетпестен дене жүктемелерін көтеруге қабілетті, теориялық дайындалған және дене шынықтыруды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін білетін офицерлерді даярлауға бағытталған.

Кафедраның басты міндеттері:

  1. Әдістемелік дағдыларды қалыптастыру және курсанттардың төзімділігін, күшін, жылдамдығы мен ептілігін қажетті деңгейде ұстау;
  2. Ойлы-қырлы жерлерде жүріп-тұру, кедергілерді еңсеру, қоян-қолтық ұрыс пен әскери-қолданбалы жүзуді жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
  3. Психикалық тұрақтылықты, өзіне деген сенімділікті, мақсаттылықты, айқындықты, тапқырлықты, батылдықты, төзімділікті және шыдамдылықты қалыптастыру;
  4. Әскери қызметшілерде жауынгерлік қызмет үдерісінде төтенше және психикалық жүктемелерді ауыстыру дағдыларын қалыптастыру.