ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ 2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ДЕВИЗІ «ҰЛЫ ДАЛА ӘСКЕРІ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ!»

Радиотехникалық қамтамасыз ету кафедрасы

Радиотехникалық қамтамасыз ету кафедрасы мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына және «Әскери істегі радионавигация» мамандығы бойынша біліктілік сипаттамаларына сәйкес Әуе қорғанысы күштері үшін офицерлерді даярлауға арналған.

Кафедрада радионавигациялық жүйелерді, ұшу аппараттарының радиолокациялық және аспаптық қондыру жүйелерін және әуеайлақтардың жарық-техникалық құралдарын құру негіздері, жұмыс істеу принциптері, құрылымы, жұмысқа дайындау тәртібі, қосу, баптау, реттеу және жөндеу зерделенеді. Түлектерге ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын жан-жақты игеру, техникалық пайдалану және жөндеу үшін қажетті әскери техниканың келешек үлгілерін өз бетінше зерделеу дағдылары үйретіледі.

Кафедра пәндерін оқып-үйрену нәтижесінде курсанттар білуі және пайдалана білуі тиіс:

  • ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жүйелерінде өтетін процестердің құрылымы, жұмыс жағдайлары және сипаттамалары;
  • радионавигация жүйелерінің, радиолокациялық және аспаптық қону жүйелерінің, авиациялық радиобайланыс құралдарының және әуеайлақтардың жарық-техникалық жабдықтарының мақсаты, құрамы, тактикалық-техникалық сипаттамалары, жұмыс істеу принципі, электр схемалары және құрылымы;
  • байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын жұмысқа дайындау, қосу, баптау, реттеу және жөндеу тәртібі.

Кафедраның негізгі міндеттері:

Байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын басқару, пайдалану және жауынгерлік қолдану саласында Қарулы Күштер үшін офицерлік кадрлардың білімі, іскерлігі, дағдылары мен кәсіби қасиеттері бар жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында оқу және әдістемелік жұмысты жоғары теориялық, әдістемелік және ғылыми деңгейде ұйымдастыру және жүргізу.

Әскери теорияны дамытуға, әскерлердің жауынгерлік қабілеті мен жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулерді орындау. Оқу қызметін қамтамасыз ету үшін оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және басып шығару. Институттың оқу бөлімімен және кафедраларымен бірлесіп оқу бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын, мамандарды даярлаудың құрылымдық-логикалық схемаларын және оқу сабақтарының кестелерін әзірлеуге қатысу.