ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы РЭжБӘИИ даярлау мамандықтарының (1,2,3,5 курс) курсанттарына жалпы білім беруге, қазақстандық патриотизмді, конституциялық және әскери борышқа адалдықты, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға бағытталған.

Кафедраның міндеті курсанттардың жеке құраммен жұмыс жасаудағы психологиялық-педагогикалық қызметінің практикалық дағдыларын дамыту, жоғары адамгершілік және моральдық-іскерлік қасиеттерін қалыптастыру; курсанттарды қазақстандық қоғамда жалпы қабылданған мінез-құлық нормалары мен қағидаларына, идеялары мен дәстүрлеріне баулу болып саналады.

Кафедрада оқытылатын пәндер:

  • Философия
  • Қазақстанның қазіргі тарихы
  • Саясаттану және геосаясат
  • Көшбасшылық және басқару стилі
  • Әскери құқық негіздері
  • Логика
  • Әскери психология және педагогика
  • Дінтану
  • Әскери этика
  • Ақпараттық және психологиялық қауіпсіздік негіздері

Кафедра оқытушыларының бастамасымен құрылған:

«Бесқару» әскери-патриоттық клубы, жетекшісі полковник А.Жанұзақов. Клубтың мақсаты әскери киім нысанын, қару-жарақ макеттерін қайта жаңарту, сондай-ақ әскери-тарихи іс-шараларды өткізу.

«Легион» зияткерлік клубы, жетекшісі полковник А.Жанұзақов. Клубтың мақсаты курсанттардың зияткерлік дамуын, креативті ойлауын, басқарушылық және көшбасшылық құзыреттерін қалыптастыру болып табылады.

«Барыс» әскери-психологиялық клубы, жетекшісі майор А. Сухов. Клубтың мақсаты курсанттардың психология, қауіпсіздік психологиясы саласындағы әскери-психологиялық білімі мен практикасын дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Психологияны сапалы зерттеу үшін жағдай жасау.

Ғылыми эксперимент аясында «Шешендік шеберлікті дамыту» атты оқыту бағдарламасы ашылған, жетекшілері: запастағы подполковник Г.Зверева, майор А. Сухов. Бағдарламаның мақсаты курсанттардың көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту және қалыптастыру болып табылады.