ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

2024 жылғы ҚР ҚК әскери девизі «Айбынды армия — тәуелсіздік кепілі»

Курсанттарға каникулдық демалыс өткізу кезіне арналған қауіпсіздік ЕРЕЖЕЛЕРІ

1 шілде 2022

Әскери қызмет өткеру қауіпсіздігінің талаптарын міндетті түрде барлық әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру және демалыс кезінде

Әскери қызмет өткеру сұрақтары бойынша қауіпсіздік талаптарын  орындау мақсатында, сонымен қатар әскери қызмет өткеру қауіпсіздігін нормативтік-құқықтық актілер негізінде канукылдық демалыс өткізу кезінде әскери қызметшілер міндетті:

  • Әскери қызмет өткеру қауіпсізді бұйрықтарының талаптарын, ережелерін және нұсқауларын, сонымен қатар командирлердің (бастықтардың) әскери қызмет өткеру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
  • Мемлекеттік құпияларды жария етуге жол бермеуге және қырағы болуға;
  • Әскери қызметші өзінің денсаулығын жетілдіруге және сақтауға, әскери қызмет өткеру қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, аурудың, жарақат алу мен уланудың алдын алуға, салауатты өмір салтын ұстауға міндетті;
  • Заңдармен қарастырылған қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік құқық бұзушылықтарды болдырмауға;
  • Әскери қызметші демалыс өткізу кезінде жергілікті әскери басқару органына әскери есепке тұруға, (әскери есептен шығуға) міндетті, әскери басқару органдары жоқ жергілікті жерлерде әскери есепке қоюды жергілікті атқару органдары (село, ауыл, ауылдық округ әкімдері) қамтамасыз етеді;
  • Жергілікті жерде әскери қызмет атқаратын әскери қызметшілердің демалыс өткізу кезінде сәйкесінше сол әскери бөлімге (тұрғылықты жеріндегі әскери бөлімде қызмет атқарса) есепке тұрады;
  • Демалыс өткізу кезінде әскери қызмет өткеру туралы заңмен қарастырылған жағдайлардан басқа әскери қызметшілердің ақшалай және басқа да үлестері, қосымша төлемдері сақталады;
  • Денсаулығына байланысты демалыста болған, сонымен қатар демалыс кезінде ауырып қалған әскери қызметші әскери есепке алу орнына куәләндыру үшін келуге, ал денсаулығына байланысты келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда жергілікті әскери басқару органы бастығына жазбаша түрде жеткізуге міндетті.

 

Әскери қызметші каникулдық демалыс кезінде жол берілген бұзушылықтар туралы өзінің тікелей бастығына тез арада хабарлауға міндетті.

Әскери қызметшіге САҚТАУ ҚАЖЕТ:

  • Шаруашылық жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын;
  • жол жүру ережелерін;
  • өрт қауіпсіздігі ережелерін;
  • қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелерін;
  • электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін.

ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

  • жабдықталмаған суға түсетін жерлерге суға түсуге;
  • алкагольдік ішімдік (наркотик) пайдаланып автокөлік басқаруға (рөлге отыруға).

 


Ілгері