ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ 2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ДЕВИЗІ «ҰЛЫ ДАЛА ӘСКЕРІ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ!»

Оқуға түсушілерге

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына оқуға түсетін кандидаттардың назарына

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 16.05.2018 жылғы № 323 бұйрығымен бекітілген «Жоғары әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары» 4-тарауының 39-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 22.01.2016 жылғы № 35 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізілуі бойынша әскери оқу орнына:

  • ҰБТ, АКТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде математикалық сауаттылық немесе математика бойынша кемінде 7 балл және қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған азаматтар),
  • әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған азаматтар оқуға түсе алады.

Әскери институтқа оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш немесе баянат (оқуға түсушінің тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, тұрғылықты жерінің мекенжайын, ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің байланыс деректерін көрсете отырып жазылған).
  2. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
  3. Әскери билет (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы әскери қызметші, түпнұсқасы мен көшірмесі).
  4. Білім алғандығы туралы құжаттар (түпнұсқа және көшірме).
  5. Тестілеу нәтижесі кемінде 50 балл, оның ішінде математикалық сауаттылық немесе математика бойынша кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл болатын ҰБТ, АКТ сертификаты (Кадет корпусына түсетіндерді қоспағанда).
  6. Әскери оқу орнына түсетін азаматтың әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру картасы.
  7. Соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
  8. Спорттық разрядын, ағымдағы жылғы республикалық не халықаралық жарыстарда, орындаушылар конкурстарында, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік не республикалық олимпиадада жүлделі орнын растайтын құжат (бар болса).
  9. 3х4 көлеміндегі төрт фотосурет.
  10.  Жетім балалар және олардың ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-аналарының хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығының болмауының өзге де жағдайларында ата-ана қамқорлығының болмауы фактісін растайтын құжаттардың (ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің, соттың (ата-анасын хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы) анықтама, науқастануы туралы анықтама, ата-аналарды іздестіру туралы анықтама.
  11.  Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органынан анықтама ұсынады.