ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ-ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫ

 

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ 2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ДЕВИЗІ «ҰЛЫ ДАЛА ӘСКЕРІ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ!»

Басшылық

Генерал-майор

МҰСТАБЕКОВ Асқар Досбосынұлы

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы
 
1969 жылы 27 қыркүйекте Алматы облысы, Жетісу ауылында дүниеге келген.
 
Білімі:
 
- 1991 ж. Нижегородское әуе шабуылына қарсы қорғаныс жоғары зениттік-зымырандық командалық училищесі (мамандығы: «Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың командалық тактикалық әскерлері»);
- 2010 ж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстар (мамандығы: «Әскери және әкімшілік басқару»);
- 2016 ж. Қазақ қатынас жолдары университеті (Техника ғылымдарының магистрі);
- 2019 ж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы докторантура.
 
Марапаттары: «Жауынгерлік ерлігі үшін» мемлекеттік наградасы, мерейтойлық медальдар және еңбек сіңірген жылдары үшін медалі.

Полковник

АТЫКЕНОВ Ойрат Саламатбекович

РЭжБӘИИ бастығының бірінші орынбасары – институттың штаб бастығы

 1977 жылы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген.

Білімі:

- 1998 ж. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери академиясы;

- 2007 ж. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің С. Буденный атындағы әскери байланыс академиясы.

Полковник

УТЕШЕВ Пулат Нуралбаевич

Институт бастығының орынбасары (оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі) – РЭжБӘИИ оқу-әдістемелік басқармасының бастығы

1972 жылы 1 қаңтарда Өзбек КСР Сардоба кентінде дүниеге келген.

Білімі:

- 1994 ж. Кеңес Одағының Маршалы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі;

- 2006 ж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті.

Полковник

ОЛЖАБАЕВ Мұрат Қуатбекұлы

Институт бастығының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) – РЭжБӘИИ жауынгерлік және дене дайындығы басқармасының бастығы

1973 жылы 16 қыркүйекте ОҚО Сарағаш ауданы Полторацкий ауылында дүниеге келген.

Білімі:

- 1995 ж. Красноярск жоғары командалық радиоэлектроника Әуе шабуылына қарсы қорғаныс училищесі;

- 2004 ж. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери университеті.

Подполковник

УМБЕТОВ Дархан Каблашович

Институт бастығының орынбасары (Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі) – РЭжБӘИИ тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының бастығы

1977 жылы 16 сәуірде ШҚО Аягөз ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

Білімі:

- 1998 ж. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери академиясы;

- 2009 ж. Москва Әскери университеті (үздік диплом).

Подполковник

ЖАМБАЕВ Ержан Серикбаевич

Институт бастығының орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі) – РЭжБӘИИ материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы

1984 жылы 16 желтоқсанда Жамбыл облысы, Қаратал қаласында дүниеге келген.

Білімі:

- 2006 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери институты.